русский язык
Бокс

Батыр Жүкембаев Садриддин Ахмедовтің алдағы жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Батыр Жүкембаев Садриддин Ахмедовтің алдағы жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (23-1, 17 КО) отандасы Садриддин Ахмедовтің (13-0, 11 КО) АҚШ-тағы дебюттік жекпе-жегінің күні жақындап қалғанын жанкүйерлеріне еске салды, деп хабарлайды Prosports.kz.

31 тамызда Санта-Йнезде (Калифорния) Садриддин Голливудтық Fight Nights шоуы аясында өнер көрсетеді, оның қарсыласы америкалық Антонио Тодд (17-10, 9 КО) болады.
Жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша 1 қыркүйек күні таңертең болады.

«Менің бауырым жұмысқа қайта оралды! Садриддин «SOQ» Ахмедов!» деп жазды Жүкембаев әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, бұрын Батыр Жүкембаев пен Садриддин Ахмедов канадалық Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясымен жұмыс істеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;