Қазақстандық «Джакс» ирандықты OCTAGON 62 турнирінде нокаутқа жіберді
Алматыда аралас жекпе-жектен OCTAGON 62 турнирінің басты кардындағы жеңіл салмақ жекпе-жектері аяқталды, деп жазады Prosports.kz
Ирандық файтер Эбрахим Нируйи (3-0) сегізбұрышта қазақстандық «Джакс» Жансерік Жақсығұлұлымен (5-5-1) кездесті.
Бірінші раунд өткір және әсерлі, тартысқа толы өтті. Екінші раундта қарсыластар бәсеңдеп қалғанымен, бес минуттың соңында қазақстандық жауынгер алға ұмтылды және техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Еске салайық, ко-мейн ивентте әзербайжандық Фарид Алибабазаде (12-7) қазақстандық Асқар Жақсылықовпен (5-1) жеңіл салмақтағы «уақытша» белбеу үшін күреседі.
OCTAGON 62 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы титул сарапқа салынады, онда қазақстандық файтерлер Константин Меркулов (5-3) және жеңілмеген Айбек Ахметов (3-0) кездеседі.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 62 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink
Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!