OCTAGON 62: ауыр салмақта өткен кездесу бірінші раундта нокаутпен аяқталды
OCTAGON 62 турнирінде кештің бірінші ауыр салмақтағы жекпе-жегіөтті, деп хабарлайды Prosports.kz
Сегізбұрышта өзбек дебютанты Хабиб Газиев пен кәсіпқой ретінде де алғашқы жекпе-жегін өткізіп жатқан қазақстандық Мирас Есмахай кездесті.
Кездесудің алғашқы секундтарынан-ақ файтерлер бір-бірінің әлсіз жақтарын сынай бастады, бірақ бірнеше соққы алмасудан кейін Газиев бар күшін жұмсап, кездесуде техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Еске салайық, ко-мейн ивентте әзербайжандық Фарид Алибабазаде (12-7) қазақстандық Асқар Жақсылықовпен (5-1) жеңіл салмақтағы «уақытша» белбеу үшін күреседі.
OCTAGON 62 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы титул сарапқа салынады, онда қазақстандық файтерлер Константин Меркулов (5-3) және жеңілмеген Айбек Ахметов (3-0) кездеседі.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 62 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink