Мессидің алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Мессидің алаңға қашан оралатыны белгілі болды

«Интер Майами» және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси жарақатынан айығуды жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Эрнан Клаус әлеуметтік желілерде хабарлағандай, Месси жеке бағдарлама бойынша жаттығуын жалғастыруда, бірақ жақын арада жалпы топта жаттығуды бастайды. Шабуылшы 1 қыркүйекте өтетін Чикаго Файрмен матчқа қатысуы мүмкін. 

Футболшы 15 шілдеде Колумбия құрамасымен Америка кубогының финалында (1:0) тобығынан жарақат алып, матчтың 64-минутында ауыстырылды.

Лионель Месси «Интер Майамиге» 2023 жылы ауысты. Ойыншының клубпен келісім шарты 2025 жылға дейін. Аргентиналық футболшының трансферлік құны қазір 30 миллион еуроны құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или