русский язык
Қысқы

2034 жылғы қысқы Олимпиада ойындары қай қалада өтетіні белгілі болды

2034 жылғы қысқы Олимпиада ойындары АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтеді. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) 142‑сессиясында белгілі болды.

Аталмыш жиында Солт-Лейк-Ситиге халықаралық Олимпиада комитетінің 83 делегаты дауыс берді, ал 6 делегат қарсы болды.

Солт-Лейк-Сити 2034 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге жалғыз үміткер болды, ХОК қараша айында байрақты бәсекені аталмыш қалада өткізу туралы эксклюзивті келіссөздерді бастап кеткен еді. Солт-Лейк-Сити 2002 жылы да қысқы Олимпиада ойындарын ұйымдастырған болатын.

Алдағы қысқы Олимпиада 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында 6-22 ақпан аралығында өтеді.

Түпнұсқасы: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;