Ресейлік ММА файтері Мәскеу әуежайында туристті ұрып тастады
Ресейлік ММА файтері Александр Ларкин Внуково әуежайындағы төбелеске қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
RCC Hard промоушнының файтері туристердің бірін соққыға жыққан. Себебі ол және оның достары VIP жолаушылар отырғызу үшін жол бойындағы гольф арбасына мінуге рұқсат бермеген.
Төбелеске файтермен бірге оны тасымалдап жүрген Внуково қызметкері де қатысқан.
Полиция Ларкинді жүргізушімен бірге ұстады, олар түсініктеме бергеннен кейін үйлеріне жіберілді. Қақтығыс кезінде қасында болған достары полиция келгенше кетіп қалған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или