Қазақстандық файтердің келесі жекпе-жегі өтетін күн мен орны белгілі болды
Әйгілі қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Дияр Нұрғожай әлемнің үздік промоушені UFC жолындағы қарсыласын таныды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты MMA Bulletin-ге сілтеме жасап.
«Жеңілмейтін Eagle FC чемпионы Дияр Нұрғожай 2024 жылдың қазан айында UFC Дана Уайттың үміткерлер сериясының іріктеу турнирінде Михаил Алексейчуктың командалас әріптесі Бартош Шевчикке қарсы шығады», - деп хабарлады ресурс.
Tobet Top Team командасының намысын қорғайтын астаналық файтер панкратионнан әлем чемпионы болғанымен танымал, сонымен қатар бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов ұйымдастырған Eagle FC лигасының қазіргі чемпионы. Аралас жекпе-жектен Нұрғожай 9 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті, оның ішінде 7-інде мерзімінен бұрын жеңген.
Дияр кейінгі жекпе-жегін 2023 жылы 18 мамырда Дубайда өткен UAE Warriors турнирінде өткізіп, америкалық PFL-дің бұрынғы чемпионы Эмилиано Сорды нокаутқа түсірген болатын.