Суперкомпьютер ЕУРО-2024 жеңімпазын атады

Суперкомпьютер ЕУРО-2024 жеңімпазын атады

Британдық Opta компаниясының суперкомпьютері Еуро-2024 турнир бойынша болжамын жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еуро-2024-тегі жеңіске басты үміткер Германия құрамасы, оның мүмкіндігі 20%-ға бағаланады. Сондай-ақ негізгі төрт фаворит қатарында немістердің болашақ қарсыласы – Испания құрамасы (19,2%), сондай-ақ Англия (17,5%) және Франция (15,2%) құрамалары болды. Түріктердің (3,1%), швейцариялықтардың (5,9%), голландтардың (9,1%) және португалдардың (9,8%) турнирде жеңіске жету мүмкіндігі аз.

Сонымен қатар, Opta мәліметі бойынша, Еуро-2024 финалистері қазіргі уақытта Англия (39%) және Испания (29,7%) құрамалары болып табылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или