«Егер UFC шақырса, ол жекпе-жекке дайын». Қазақстандық файтер - Жұмағұлов туралы
UFL Гран-при жеңімпазы және Fury FC-нің бұрынғы чемпионы, қазақстандық Николай Веретенников Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында 35 жастағы Жалғас Жұмағұловтың UFC-ге қайта оралуы мүмкін екендігі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Әрине, Жалғастың спортшы ретінде потенциялы мол, бірақ бәрі UFC шешіміне байланысты. Егер олар оны қайта шақырса, ол жекпе-жекке дайын. Бұл мүмкін бе? Шынымды айтсам, айту қиын. Бәрін уақыт көрсетеді», - деді Веретенников.
Жұмағұлов (16-9) 2020-2023 жылдар аралығында UFC-де өнер көрсетті.
Кейінгі жекпе-жекте 2024 жылы 24 ақпанда Жұмағұлов Алматыда өткен Naiza FC 57 турнирінде америкалық Кливленд Маклинді жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или