Германия Еуро-2024 турнирінің ширек финалына шықты

Германия Еуро-2024 турнирінің ширек финалына шықты

Германия құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Дания құрамасын 2:0 есебімен ұтты. Кездесу Дортмундтағы «Сигнал Идуна Парк» стадионында өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Голдарды Кай Хаверц пен Джамал Мусиала соқты.

33-минутта матчтың бас төрешісі Майкл Оливер стадион үстінде найзағай жарқылымен бірге Дортмундта басталған бұршақ салдарынан командаларды алаңнан алып кетті. 25 минуттан кейін ойын қайта жалғасты.

Юлиан Нагельсманның командасы Еуро-2024 турнирінің ширек финалына шықты, онда Испания-Грузия жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или