Артем Резников ACA177 турниріндегі жеңісінен кейін Қазақстанға алғысын білдірді
Танымал боксшы Артем Резников Сочиде өткен ACA177 турнирінде ресейлік Мухамед Коковты жеңгеннен кейін қазақстандық жанкүйерлерге алғыс айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қазақстанға, Махачкалаға, Дағыстанға, Осетияға - жаттыққан жердің бәріне рахмет айтқым келеді. Қазақстан, бұл біздің жеңісіміз! Оған қоса, Қазақстаннан Дағыстанға сәлем жолдағым келеді», - деді Резников жекпе-жектен кейін.
Айта кетейік, Артем Резников (24-8) лигадағы екі жеңілісінен кейін жеңіс жолына қайта оралды. Мухамед Коков (19-9) қатарынан үшінші рет жеңіліске ұшырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или