Нидерланды мен Австрия арасындағы кездесу күтпеген нәтижемен аяқталды
Бүгін, 25 маусымда Нидерланды мен Австрия құрамалары арасында футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің 3-ші турының ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
D тобындағы ойын 3:2 есебімен Австрия құрамасының пайдасына аяқталды.
Нидерланды сапында Коди Гакпо мен Мемфис Депай гол соқты.
Австрия құрамасының голдарын Дониелл Мален (автогол), Романо Шмид және Марсель Забитцер соқты.
Австрия 6 ұпаймен D тобында бірінші орынға шықты. Франция бес ұпаймен екінші орында. Нидерланды төрт ұпаймен үшінші орында қалды. Польша соңғы орын алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или