Сауд Арабиясындағы UFC on ABC 6 турнирінің қорытындысы бойынша бонус иегерлері анықталды
23 маусымға қараған түні Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) аралас жекпе-жектен UFC on ABC 6 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде ұйымның орта салмақтағы бұрынғы чемпионы (84 келіге дейін) аустралиялық Роберт Уиттакер ресейлік Икрам Алискеровті нокаутқа түсірді. Ұйымның баспасөз қызметі соңғы ивенттің қорытындысы бойынша сыйақы алған файтерлердің есімін жариялады.
Турнирде үздік өнер көрсеткендер: Роберт Уиттакер, Шарабутдин Магомедов, Волкан Оздемир және Фелипе Лима. Файтерлер 50 мың доллар көлемінде сыйақы алады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или