«Мен "стан" елдерінен шыққан файтермен төбелескім келеді». Шавкатты тағы бір спортшы шайқасқа шақырды
Танымал UFC файтері, америкалық Хоакин Бакли әлеуметтік желіде танымал қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновқа (18-0) тиісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Америкалық Хоакин Бакли Twitter-де жазба жариялап, Рахмоновты белгіледі:
«Дағыстан, Өзбекстан, Пәкістан, Қазақстан секілді стан-ға аяқталатын елдердің спортшыларымен төбелескім келеді», - деді америкалық файтер.
Содан кейін Хоакин Шавкаттың бұрынғы қарсыласы Стивен Томпсонды жекпе-жекке шақырды.
«Вандербой, сенде бәрі жақсы ма? Тамызда боссың ба?», - деп жазды Бакли.
Естеріңізге сала кетейік, жартылай орта салмақта Бакли төрт рет жеңіске жетіп, рейтингте 11-ші орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или