Португалия Еуро-2024 турнирінде жігерлі жеңіске жетті

Португалия Еуро-2024 турнирінде жігерлі жеңіске жетті

Футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңіндегі ойында Португалия құрамасы Чехия құрамасын ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лейпцигте өткен F тобындағы кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Чехия құрамасы сапында Лукас Провод гол соқты. Әйткенмен чех қорғаушысы Робин Гранак өз қақпасына гол соғып алды. Екінші таймның негізгі уақыты аяқталар тұста Франсиско Консейсао португалдарға жеңіс сыйлады.

Топтық кезеңнің екінші турында Португалия құрамасы Түркия құрамасымен, ал чехтар Грузия құрамасымен кездеседі. Екі кездесу де 22 маусымда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или