Асу Алмабаевтың UFC-дегі үшінші жекпе-жегінің тікелей трансляциясы
Ертең, 16 маусымда Лас-Вегастағы UFC on ESPN 58 турнирінде қазақстандық Асу Алмабаев (19-2) пен америкалық Хосе Джонсон (16-8) арасында жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алмабаев пен Джонсон ең жеңіл салмақта жұдырықтасады, жекпе-жек үш раундқа жоспарланған.
Тікелей трансляция Астана уақыты бойынша шамамен сағат 07:00-де басталады. Және оны liveball сайтынан көруге болады.
Айта кетейік, Асу промоушенде екі жекпе-жек өткізді: америкалық Ауди Осборнды (12-7) және Си Джей Вергараны (12-5-1) жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или