Бірінші лигада көш бастаған команда анықталды
Футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің XI турында Түркістан облысының «Жетісайы» көш басына шықты.
Түркістандық клуб өз алаңында Алматының «Қайрат-2» командасын қабылдады. Бірінші кезеңнің өзінде «Жетісай» қарсылас қақпасына жауапсыз 6 гол соғып үлгерді.
Екінші кезеңде алматылық футболшылар оған 2 голмен жауап қайырды.
Кездесуде түркістандық команда қарсыласын 6:2 есебімен тізе бүктіріп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.
Сондай-ақ аталған турдың алғашқы ойын күнінде «Ақтөбе-2» өз алаңында «Ұлытауға» 0:3 есебімен есе жіберсе, «SD Family» «Tүркістанды» 5:0, «Хан тәңірі» «Екібастұзды» 2:1 есебімен жеңді.
Енді 14 маусымда «Ақжайық» пен «Алтай», «Қайсар-2» мен «Тараз», «Оқжетпес» пен «Каспий» кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или