Неймар қай клубта ойнауды армандайтынын айтты
Сауд Арабиясыдағы Әл-Хилалдың және Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар Бразилияның «Фламенгосында» ойнауды армандайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен әрқашан «Фламенгода» ойнағым келетінін айтатынмын. Әрине, бұл менің Сантостан кейінгі екінші сүйікті командам. Жаттыққан және бала кезімнен жанкүйер болған клубты құрметтей отырып, мен Фламенгоны қатты жақсы көремін.
Бір күні осында ойнай алатын болсам, әрине, өте қуаныштымын. Әл-Хилалмен келісімшартым әлі бар, бірақ бізді болашақта не күтіп тұрғанын ешкім білмейді», - деп келтіреді RMC Sport Неймардың сөзін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или