ММА-де жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер жаңа қарсыласының есімін білді
![ММА-де жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер жаңа қарсыласының есімін білді](https://prosports.kz/upload/news/content//202406/472_17be6e0785ab0cf41daf16c5f1ddacd4.webp?v=28666724)
Қатарынан үш жеңіс сериясымен келе жатқан жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Иманғали Қожахмет (3-0) OCTAGON 59 турниріне жаңа қарсылас алды, деп хабарлайды Prosports.kz
Оның қарсыласы қырғызстандық Ербол Талантбек уулу (5-2) болады. Бастапқыда Қожахметтің қарсыласы тағы бір жеңіліп көрмеген өзбекстандық Парвиз Насруллаев (3:0) болған еді.
Кештің басты жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген «Қырғыз феномені» Муртазали Магомедов (7-0) пен өзбекстандық Сардор Худойбердиев (7-2) жартылай жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеуді сарапқа салады.
Сондай-ақ, жекпе-жек кеші аясында аралық салмақта өзбекстандық Шохасан Мирзаматов (12-3) танымал қазақстандық файтер Махир Мамедовпен (19-3) кездеседі.
Аса жеңіл салмақ дәрежесінде чемпион, титулға басты үміткер өзбекстандық Сухроббек Атажанов (6-1) торда «Қазақ Сехудосын» жеңген бразилиялық Клаудесси Бритоға (9-3) қарсы жекпе-жек өткізеді.
OCTAGON 59 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink