Қазақстан құрамасының ойыншылары дебюттік матч өткізді

Қазақстан құрамасының ойыншылары дебюттік матч өткізді

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі ұлттық құрама сапында дебют жасаған екі футболшы туралы хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

11 маусымда Венгрияның Сомбатхей қаласында Қазақстан құрамасы Әзірбайжанмен жолдастық кездесу өткізіп, 2:3 есебімен жеңілді.

Ойында екі қақпашы ұлттық құрама сапында дебют жасады, олар -  астаналық Александр Заруцкий мен Данил Устименко алматылық «Қайрат». Екі қақпашы бір таймнан ойнады.

Айта кетейік, 7 маусым күні қазақстандық футболшылар Ереванда Армениямен кездесіп, алаң иелерінен 1:2 есебімен жеңілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или