Роналду кезекті рет рекорд орнатты

Роналду кезекті рет рекорд орнатты

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Ирландиямен жолдастық кездесуде (3:0) дубль жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Форвард матчтың 50 және 60-минуттарында гол соқты.

Роналду 2023 жылдың 16 қарашасында Лихтенштейн құрамасына гол соққаннан бері алғаш рет ұлттық құрама сапында мергендік танытты. 

19 қарашада футболшы Исландияға, 2024 жылы 26 наурызда Словенияға гол соға алмады. Португалия құрамасы Швеция (21 наурыз), Финляндия (4 маусым) және Хорватиямен (8 маусым) өткен кездесулерде Криштиану алаңға шыққан жоқ.

Жалпы, Роналду Португалия құрамасының сапында соққан 130 голы бар, бұл рекорд.

Сондай-ақ Роналду үшін бұл матч оның ең жоғары деңгейдегі 1226-шы матчы болды, бұл да әлемдік рекорд.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или