Әзірбайжанға қарсы ойында Қазақстанның үздік ойыншысы анықталды

Әзірбайжанға қарсы ойында Қазақстанның үздік ойыншысы анықталды

Қазақстан құрамасы Венгрияның Сомбатхей қаласында Әзірбайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық футболшылар 2:0 есебімен алға шыққанымен, қорытындысында 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Голдарды Ян Вороговский мен Максим Самородов соқты.

Кездесудің үздік ойыншысы болып «Адана Демирспордың» шабуылшысы Абат Айымбетов танылды. 28 жастағы шабуылшы кездесуді негізгі құрамда бастап, оны 58-минутта Бауыржан Исламхан алмастырды.

Айта кетейік, 7 маусым күні Қазақстан құрамасы Армениядан 1:2 есебімен жеңілген болатын. Ойын Ереван қаласында өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или