русский язык
ММА

Шавкат Рахмонов UFC титулы үшін өтетін жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

Шавкат Рахмонов UFC титулы үшін өтетін жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Fightnews.info-ға сілтеме жасап.

Шавкаттың айтуынша, оның дивизионының жетекшілері әртүрлі себептермен онымен жекпе-жек өткізуден бас тартады, сондықтан Рахмонов оған жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы британиялық Леон Эдвардс пен америкалық Белал Мұхаммад арасындағы жекпе-жектің жеңімпазына қарсы жекпе-жек ұсынылса, бұл дұрыс шешім деп санайды.

«Джек Делла Маддалена жарақат алды, Усман мен Ковингтон жекпе-жек өткізгісі келмейді. Мен Леон Эдвардс пен Белал Мухаммад жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуге дайынмын», - деп жазды Рахмонов.

Айта кетейік, Леон Эдвардс пен Белал Мұхаммад арасындағы кездесу 27 шілдеде Ұлыбританияның Манчестер қаласындағы Co-op Live аренасында өтетін UFC 304 турнирінің басты жекпе-жегі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;