OCTAGON UFC-ге үміткер қырғыз файтерінің сәтті фиништерін көрсетті

Алматыдағы OCTAGON 59 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіліске ұшырамаған «Қырғыз феномені» лақап аты бар Муртазали Магомедов (7-0) өзбекстандық Сардор Худойбердиевпен (7-2) жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеуді сарапқа салады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еуразиялық жекпе-жек лигасының баспасөз қызметі UFC-ге үміткер қырғызстандық файтердің сәтті фиништерін көрсетті.
Сондай-ақ жекпе-жек кеші аясында аралық салмақ дәрежесінде өзбекстандық нокаутшы Шохасан Мирзаматов (12-3) өнер көрсетеді, қарсыласы қазақстандық Махир Мамедовпен (19-3) кездеседі.
Жеңіл салмақта чемпиондық атаққа басты үміткер өзбекстандық Сухроббек Атажанов (6-1) бразилиялық Клаудесси Бритомен (9-3) кездеседі.
OCTAGON 59 турнирінің билеттерін zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink