Жеңілмеген қазақ файтері OCTAGON 59 турнирінде өзбекстандық спортшымен кездеседі

Еуразиялық жекпе-жек лигасы OCTAGON 59 турнирінің алғашқы кардындағы екі жекпе-жекті жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіл салмақта қазақстандық файтер Тамерлан Жәкенов (2-0) Өзбекстан өкілі Азизхон Азимовпен (4-3) кездеседі.
Жартылай ауыр салмақта екі қазақстандық спортшы Алмас Рахманбердиев (0-1) пен Мақсат Тұрсынмаметов (1-2) кім мықтыны анықтайды.
Айта кетейік, 23 мауымда өтетін кештің басты жекпе-жегінде вакантты чемпиондық белбеуі үшін «Қырғыз феномені» Муртазали Магомедов (7-0) пен өзбекстандық файтер Сардор Худойбердиев (7-2) кездеседі.
Ал негізгі жекпе-жекте өзбекстандық нокаутшы Шохасан Мирзаматов (12-3) қазақстандық Махир Мамедовпен (19-3) кездеседі.
OCTAGON 59 турнирінің билеттерін zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink