Өзбекстандық файтер Сүндет Айтқұлға ескерту жасады

Өзбекстандық файтер Сүндет Айтқұлға ескерту жасады

OCTAGON лигасының ең жеңіл салмақ дәрежесінде титулға басты үміткер өзбекстандық файтер Сухроббек Атажанов (6-1) OCTAGON 59 турнирінде бразилиялық Клаудесси Бритоға (9-3) қарсы өтетін жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады, деп жазады Prosports.kz

«Менде 200% заряд бар. Барлығы Бритомен жекпе-жекті тағатсыздана күтуде, ол өте қауіпті қарсылас. Оны жеңіп, чемпионға келгім келеді. Сүндет, дайындал! – деді чемпиондық атаққа үміткер өзбекстандық файтер.

Айта кетейік, бұл салмақтағы ұйымның чемпионы қазақстандық файтер Сүндет Айтқұл (7-2). 25 жастағы қазақстандық кейінгі жекпе-жегінде сенсациялық түрде қытайлық Кингхе Жангудан (13-6) бірінші раундта нокаутпен ұтылып қалған болатын.

OCTAGON 59-дың басты жекпе-жегінде вакантты чемпиондық белбеуі үшін «Қырғыз феномені» Муртазали Магомедов (7-0) пен өзбекстандық файтер Сардор Худойбердиев (7-2) кездеседі.

Сондай-ақ жекпе-жек кеші аясында аралық салмақ дәрежесінде өзбекстандық нокаутшы Шохасан Мирзаматов (12-3) өнер көрсетеді, қарсыласы қазақстандық Махир Мамедовпен (19-3) кездеседі.

OCTAGON 59 турнирінің билеттерін zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или