Тәжікстандық «Гангстердің» Алматыдағы жекпе-жекте кіммен кездесетіні белгілі болды

Тәжікстандық «Гангстердің» Алматыдағы жекпе-жекте кіммен кездесетіні белгілі болды

OCTAGON лигасының баспасөз қызметі Алматыда өтетін OCTAGON 59 турнирінің негізгі кардының кезекті жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ең жеңіл салмақта «Ворух гангстер» Шерзод Ибодиллоев (6-3) Арменияның тәжірибелі файтері Варшам Геворгянмен (14-8) кездеседі.

OCTAGON 59-дың басты жекпе-жегінде вакантты чемпиондық белбеуі үшін «Қырғыз феномені» Муртазали Магомедов (7-0) пен өзбекстандық файтер Сардор Худойбердиев (7-2) кездеседі.

Сондай-ақ жекпе-жек кеші аясында аралық салмақ дәрежесінде өзбекстандық нокаутшы Шохасан Мирзаматов (12-3) өнер көрсетеді, қарсыласы қазақстандық Махир Мамедовпен (19-3) кездеседі.

Ең жеңіл салмақта чемпиондық атаққа басты үміткер өзбекстандық Сухроббек Атажанов (6-1) бразилиялық Клаудесси Бритомен (9-3) кездеседі.

OCTAGON 59 турнирінің билеттерін zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или