Әртістік жүзуден әлем кубогында Қазақстан тағы бір алтын медаль жеңіп алды

Әртістік жүзуден әлем кубогында Қазақстан тағы бір алтын медаль жеңіп алды

Канаданың Маркем қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогі кезеңінде Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Виктор Друзин ерлер арасындағы еркін бағдарламада жеңіске жетті. Ол 193.7938 ұпай жинаған.

Күмісті Италия, қоланы Испания спортшылары иеленді.

Әйелдер арасындағы сында Карина Магрупова төрттікке енсе, жұптық сында Ясмина Тұяқова мен Арина Пушкина 11-орында қалды.

Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Эдуард Ким техникалық бағдарламада топ жарған болатын. Бұл екі спортшының да әлем кубогіндегі алғашқы алтыны.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или