Қазақстандық төрешілер Еуро-2025 іріктеу ойындарына тағайындау алды
Әйелдер арасындағы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Сербия W - Словакия W және Эстония W - Албания W матчтарына қазақстандық төрешілер тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сербия мен Словакия құрамалары арасындағы ойынға Эльвира Нұрмұстафина бастаған төрешілер тобы тағайындалды. Оған Наргис Мағау мен Мәдина Алмасқызы көмектеседі. Матч бүгін, 31 мамырда Қазақстан уақыты бойынша сағат 21:00-де Белградта өтеді.
Сондай-ақ Татьяна Сорокопудова Эстония W – Албания W кездесуінің бас төрешісі болып тағайындалды. Оған қазақстандық Динара Ыдырысова мен латвиялық Лига Дидрике көмектеседі. Ойын 31 мамырда Астана уақытымен сағат 21:00-де Эстонияның астанасы Таллинде өтеді деп жоспарлан ған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или