OCTAGON 59 турнирінде жеңіліп көрмеген екі файтер кездеседі
OCTAGON лигасы 23 маусымда Алматыда өтетін алдағы турнирдің тағы бір кездесуін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
OCTAGON 59 кеші аясында жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық Иманғали Қожахмет (3-0) өзбекстандық файтер Парвиз Насруллаевпен (3-0) кездеседі.
Турнирдің басты жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді «қырғыз феномені» Муртазали Магомедов (7-0) пен өзбекстандық Сардор Худойбердиев (7-2) сарапқа салады.
Сондай-ақ жекпе-жек кеші аясында аралық салмақ дәрежесінде өзбекстандық нокаутшы Шохасан Мирзаматов (12-3) өнер көрсетеді, қарсыласы қазақстандық Махир Мамедовпен (19-3) кездеседі.
Жеңіл салмақта чемпиондық атаққа басты үміткер өзбекстандық Сухроббек Атажанов (6-1) бразилиялық Клаудесси Бритомен (9-3) кездеседі.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink