«Астана» Батыс Азия Суперлигасының ашылу матчында жеңіліп қалды

«Астана» Батыс Азия Суперлигасының ашылу матчында жеңіліп қалды

Елордалық «Астана» Батыс Азия суперлигасының ашылу матчында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын «Аль-Рияди» (Ливан) командасына қарсы өткізді. Кездесуде 69:101 есебімен «Аль-Рияди» жеңіске жетті.

Айта кетейік, турнир матчтары 25 мамыр мен 1 маусым аралығында Катар астанасы Дохада өтеді.

Топтық кезеңде «Астана» ливандық «Сагессе» мен «Аль-Рияди», және Бахрейннің «Манама» клубтарымен ойнайды. Топтық кезеңнен үздік екі орын алған команда турнирдің жартылай финалына жолдама алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или