Қазақстандық «Питон» Алматыда өзбекстандық файтермен жекпе-жек өткізеді
Еуразия жекпе-жек лигасы 23 маусымда Алматыда өтетін OCTAGON 59 турнирінің келесі кездесуін жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Кеш аясында октагонда қазақстандық «Питон» лақап атымен танымал Тимур Қуаныш (4-0) қарсыласы Өзбекстан файтері Рамзиддин Омоновпен (5-3) кездеседі.
Турнирдің басты жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді «қырғыз феномені» Муртазали Магомедов (7-0) пен өзбекстандық Сардор Худойбердиев (7-2) сарапқа салады.
Сондай-ақ жекпе-жек кеші аясында аралық салмақ дәрежесінде өзбекстандық нокаутшы Шохасан Мирзаматов (12-3) өнер көрсетеді, қарсыласы қазақстандық Махир Мамедовпен (19-3) кездеседі.
Жеңіл салмақта чемпиондық атаққа басты үміткер өзбекстандық Сухроббек Атажанов (6-1) бразилиялық Клаудесси Бритомен (9-3) кездеседі.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 59 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink