NAIZA лигасы Семейде өтетін турнирінің басты жекпе-жегін жариялады
NAIZA лигасы Семейде өтетін турнирдің басты жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
Басты жекпе-жекте ауыр салмақтағы лига чемпионы Олжас Абзалиев өз титулын тәжірибелі бразилиялық Марсио Сантосқа (19-8-1) қарсы қорғайтын болады.
Сантос ТМД-да көптен бері өнер көрсетіп келеді, ол Eagle FC, AMC Fight Night сияқты турнирлерде, соның ішінде Александр Емельяненкомен де жекпе-жекке шыққан. Соңғы жекпе-жегін NAIZA-да өткізіп, Айболат Муратұлының айласын асырды.
Абзалиев кәсіпқой рингте жеңілмеген спортшы, оның рекорды 3-0.
Семейдегі турнир 22 маусымда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или