«Жеңіс» жаңа бас бапкерін ресми таныстырды

«Жеңіс» жаңа бас бапкерін ресми  таныстырды

Акис Вавалис «Жеңіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

38 жастағы грек маманыкоманданың бас бапкері ретінде Леван Коргалидзенің орнына келді.

Акис Вавалис бапкерлік мансабын 2011 жылы Грекия Суперлигасында Пансеррайкос ФК жаттықтырушысының көмекшісі ретінде бастады. Өз мансабында Грекия суперлигасында әртүрлі командаларда жұмыс істеді, сонымен қатар шведтік «Васалундс» және болгариялық «Крумовград» командаларының бас бапкері болды.

Жаңа бас бапкердің соңғы клубы Косово суперлигасында өнер көрсететін «Дрита» футбол клубы болды. Акис Вавалистің жетекшілігімен өткен 16 матчта команда чемпионатта 14 матч және УЕФА конференциялық лигасына іріктеу кезеңінде 2 ойын өткізді: 7 жеңіс, 4 тең және 3 жеңіліс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или