UFC чемпионы Шавкат Рахмоновпен жұдырықтаспақ болғанын айтты

UFC чемпионы Шавкат Рахмоновпен жұдырықтаспақ болғанын айтты

Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Леон Эдвардс қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен UFC 300 турнирінде жекпе-жекке шықпақ болған, деп хабарлайды Prosportskz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Осыған дейін Леон Эдвардс 27 шілдеде Манчестерде (Англия) өтетін UFC 304 турнирінде америкалық файтер Белал Мухаммадпен титулдық жекпе-жек өткізетіні ресми түрде хабарланған еді.

«Мен олардан (UFC) Белалмен жекпе-жекке шығаруын сұрадым. Бірақ олар маған UFC 300 турниріне үш қарсылас ұсынды. Мен «Белал ше?» деп сұрағанымда, олар бас тартты», - деді Леон.

– Саған Ислам Махачев, Шавкат Рахмонов және Хамзат Чимаевпен жұдырықтасуды ұсынғаны рас па?

– Иә, мен олармен жекпе-жекке шығуға келістім, бұл менің мансабыма пайдалы болар еді. Бірақ одан ештеңе шықпады, - деді жауап берді спортшы.

Еске салайық, мерейтойлық UFC 300 турнирі 14 сәуірде өтті. Махачев пен Чимаев Рамазан айында жекпе-жек өткізбейтінін мәлімдеді.

Ал Шавкат Рахмонов 2023 жылдың желтоқсанында Томпсонмен жекпе-жегі алдында тобығын жарақаттап алғанына байланысты жекпе-жектен бас тартқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или