«Барыс» жаңа аренадағы алғашқы матчының алдында қой сойған

«Барыс» жаңа аренадағы алғашқы матчының алдында қой сойған

Елордалық «Барыс» хоккей клубы жаңа мұз аренасындағы бірінші матчының алдында қой сойды.

Бұл шара питерлік СКА-мен кездесу алдында өтті, бұл кездесу жақында ғана тұрғызылған аренадағы ресми түрде өткен алғашқы матч болатын. Бұл күні арена ҚХЛ комиссиясының тексеруінен екінші рет өтіп, чемпионат матчтарын өткізуге рұқсат алған еді.

Айта кетерлік жайт, қойдың қанын мұз айдынға және «Барыстың» киім ауыстыратын бөлмесіне шашты. «Мен қосымша дайындалу үшін мұз үстінде қалдым, сондықтан қойдың қанының мұзға тамғанын көрдім. Бұл сондай дәстүр, ол сәттілік әкеледі», - деді «Барыс» қорғаушысы Дамир Рыспаев.

Естеріңізге сала кетейік, «Барыс» үшін жаңа аренадағы бірінші ойында СКА-ны 4:2 есебімен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или