«Барыс» жаңа аренада СКА командасын тізе бүктірді

Астанаға бас бапкер Андрей Назаров қайтып келгеннен кейін «Барыс» хоккей клубы мен питерлік СКА клубы арасындағы жекпе-жекте жеңіс жерлестерімізге бұйырды, есеп – 4:2. Жаңа аренадағы алғашқы кездесу тек салтанатты ашылу шоуымен емес, сондай-ақ әдемі голдармен, сейвтермен және қос команда арасындағы күш сынасумен елорда тұрғындарының есінде қалары сөзсіз.

Матчта алғашқы голмен есеп ашқан алаң қонақтары болды – санктпетербургтік Антон Бурдасов астаналықтардың қақпасын дөп таба білді. Алайда көп ұзамай алаң иелері күшіне мініп, Найджел Доустың қақпаға бағыттаған соққысы есепті 1:1 етіп теңестірді.

Екінші жиырма минуттық ойында Роман Савченконың соққысы жерлестерімізді алға шығарған еді, бірақ араға көп уақыт салмастан питерліктер есепті тағы тепе-тең етті.

Үшінші айналымда алаң иелері тізгінді өз қолдарына алып, Найджел Доус дубль ұйымдастырды. Бірер минуттан соң Константин Романов қорытынды шайба салып, командасына даусыз жеңіс сыйлады. Есеп 4:2 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешті.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или