NAIZA және Fight Nights бірлескен турнирінің тікелей трансляциясы
18 мамырда Алматыда (Қазақстан) Naiza мен AMC Fight Nights бірлескен турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде Фанил Рафиков пен Нариман Аббасов жеңіл салмақтағы арнайы Fight Nights x Naiza белбеуін сарапқа салады.
Сондай-ақ көрермендер бұрынғы Naiza чемпионы Алиби Ыдырыс, DAR Team жұлдызы Гамлет Асланов, 2022 жылғы «Жылдың үздік жекпе-жегі» номинациясының жеңімпазы Нұрғали Нұрғайпұлының және басқа да көптеген атақты файтердің жекпе-жегін тамашалай алады.
Турнир Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады. Кештің тікелей трансляциясын Sport+ Qazaqstan және UDAR телеарнасынан көруге болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или