Жеңіл салмақтағы өзбекстандық файтер OCTAGON 58 турнирінде жеңіске жетті
Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 58 турнирінде өзбекстандық файтер Мавлонбек Миркомиловпен қазақстандық Жансерік Жақсығұлұлы кездесті, деп жазады Prosports.kz
Жеңіл салмақта өзбекстандық Мавлонбек Миркомилов (4-2-1) мен қазақстандық «Жакс» Жансерік Жақсығұлұлы (5-4-1) кездесті.
Жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілер шешімімен өзбекстандық Мавлонбек Миркомилов жеңіске жетті.
Айта кетейік, басты кардта Камиль Карате өнер көрсетеді, ол қазақстандық поп-ММА файтері Нұржан Шудабаевпен кездеседі.
Ал кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта ресейлік Ричард Тотров (12-7) мен Хамзат Чапанов (13-3) арасында реванш өтеді.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 56 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или