OCTAGON 58: алдын ала кардтың бесінші жекпе-жегі аяқталды

OCTAGON 58: алдын ала кардтың бесінші жекпе-жегі аяқталды

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында OCTAGON 58 турнирі аясында алдын ала кардтың бесінші жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жекте қазақстандық файтер Азизбек Чинпулатов (1-1) және жеңіліп көрмеген тәжікстандық спортшы Ахрор Мирзарохимовқа (2-0) кездесті.

Тартысты өткен жекпе-жектің үшінші рауындында тәжікстандық файтер басым болып Чинпулатовтың секунданттары жекпе-жекті жалғыстырмау туралы шешім қабылдады. Осылайша Мирзорахимов мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Айта кетейік, басты кардта Камиль Карате өнер көрсетеді, ол қазақстандық поп-ММА файтері Нұржан Шудабаевпен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта ресейлік Ричард Тотров (12-7) мен Хамзат Чапанов (13-3) арасында реванш өтеді.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 56 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или