Қазақстандық хоккейші ойын кезінде жанкүйерге ерекше сыйлық тарту етті (видео)

Қазақстандық хоккейші ойын кезінде жанкүйерге ерекше сыйлық тарту етті (видео)

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Мәди Диханбек жас жанкүйерге шайба сыйлады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық құрама ойыншысының жанкүйерге шайба сыйлаған сәтінің видеосы Қазақстан хоккей федерациясының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды. Жас жанкүйер хоккейшілердің назарын аудару үшін плакат ұстап тұрған.

Плакатта «Сәлем! Кеше менің туған күнім болды және ең жақсы сыйлық сізден шайба болар еді» деп жазылған. Мұз айдынында жүрген Мәди Диханбек оны байқап қалып, балаға қолындағы шайбасын сыйлады.

Айта кетейік, қазір хоккейден Қазақстан құрамасы Чехиядағы әлем чемпионатына қатысып жатыр. Қазақстандық хоккейшілер жарыстағы алғашқы матчын Францияға қарсы өткізіп, 3:1 есебімен жеңген еді. Кейін Словакияға 2:6, Латвияға 0:2, Швецияға 3:1 есебімен есе жіберді.

Енді Қазақстан құрамасы бүгін, 17 мамырда Германияға қарсы ойнайды. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының B тобында 3 ұпаймен 7-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или