Қазақстандық хоккейші әлем чемпионатының жаңа рекордын орнатты (видео)

Қазақстандық хоккейші әлем чемпионатының жаңа рекордын орнатты (видео)

Хоккейден Қазақстан құрамасының ойыншысы Әділ Бекетаев Чехиядағы әлем чемпионатында соққы күші бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Кеше, 16 мамырда Қазақстан құрамасы Швецияға қарсы ойнап, 3:1 есебімен жеңіліп қалды. Қазақстан сапынан жалғыз голды Әділ Бекетаев салып, соққы күші бойынша рекорд орнатты.

«Бізде «ең мықты соққы» көрсеткіші бойынша жаңа көшбасшы! Әділ Бекетаев 162,38 км/сағат жылдамдықпен шайба соқты», - делінген Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, хоккейден Қазақстан құрамасы Чехиядағы әлем чемпионатының B тобында өнер көрсетіп жатыр. Қазақстандық хоккейшілер жарыстағы алғашқы матчын Францияға қарсы өткізіп, 3:1 есебімен жеңген еді. Кейін Словакияға 2:6, Латвияға 0:2, Швецияға 3:1 есебімен есе жіберді. Енді Қазақстан құрамасы бүгін, 17 мамырда Германияға қарсы ойнайды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или