ҚХЛ «Барысқа» жаңа аренада ойын өткізуге рұқсат етті

ҚХЛ «Барысқа» жаңа аренада ойын өткізуге рұқсат етті

Құрлықтық хоккей лигасының инспекциялық комиссиясы Астанадағы көпфункционалды мұзайдынының ойын өткізуге дайын екені туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

ҚХЛ-дың осы уақытқа дейін болған инспекциялық тексерістерінен кейін арена мен «Барыс» ХК-ың басшылығы негізгі кемшіліктерді түзеді. Енді мұзайдыны ҚХЛ-дың барлық техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келеді.

«Біз ҚХЛ-дың тағы бір клубы өз ойындарын заманауи әрі үлкен аренада ойын өткізе алатынына қуаныштымыз. Астанадағы мұзайдыны барлық талапқа сәйкес. Бұл Қазақстанда хоккейге деген үлкен қызығушылық бар екенінің дәлелі. Енді жаңа аренадағы мерекелік атмосфера ойыншылар мен жанкүйерлерге сезіліп, олар матчтардан керемет әсер алатынына сенімдімін», - деді ҚХЛ-дың вице-президенті Георгий Кобылянский.

Айта кетейік, бүгін, 28 қазанда, елордалық «Барыс» 11578 адам сиятын аренада өзінің алғашқы ойынын СКА командасымен өткізеді. Бұл кездесуді «KAZsport» телеарнасы 19:20-да тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или