Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы ресейлік клубқа ауысты

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы ресейлік клубқа ауысты

«Авангард» хоккей клубы «Барыстың» және Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Даррен Дицпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Омбылық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ойыншымен келісімшарт мерзімі екі жылға жасалған. Сондай-ақ қорғаушы Даниил Степановпен екі маусымға екі жақты келісімшарт жасалды.

Айта кетейік, өткен тұрақты маусымда 30 жастағы қорғаушы 55 матч өткізіп, 8 шайба соғып, 14 нәтижелі пас беріп, барлығы 22 ұпай жинаған. Гагарин кубогында Диц бес кездесу өткізіп, бір шайба соқты.
Қорғаушы Омбы клубына ЦСКА-мен ақшалай өтемақы алмасу нәтижесінде ауысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или