Александр Ким: Азия құрлығындағы соңғы жолдамаға таласамыз

Александр Ким: Азия құрлығындағы соңғы жолдамаға таласамыз

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Ким Азия чемпионатына қарсаңында шағын сұхбат беріп, команданың дайындығына тоқталды, деп хабарлайды Olympic.kz

Айта кетелік, 16-27 мамыр күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте спорттық гимнастикадан Азия біріншілігі өтеді. Құрлық додасында Олимпиаданың соңғы квотасы сарапқа салынады. 

"Команда Азия чемпионатына толық дайын. Бұл сынға Париж Олимпиадасына жолдама алған Милад Карими мен Нариман Курбанов та қатысады. Одан бөлек, көпсайыстан Фарух Набиев, Диас Тойшыбек, Дмитрий Патанин, Ілияс Азизовтерге сенім артып отырмыз.

Біздің бұл сындағы басты қарсыластарымыз - Солтүстік Корея, Өзбекстан, Вьетнам және Қытайлық Тайпейден келетін көпсайысшылар. Олардың арасында танымал спортшылар да жоқ емес. Гимнастикалық ат снарядының өкілдері Ли Чи Кай (Тайпей) мен Ахмад Әбу әл Сауд (Иордания) та бар.

Ли Чи Кай көпсайыста сынға түседі. Ол көптен бері барлық жаттығуда өнер көрсетпеген. Мұнда барлық спортшылардың да мүмкіндігі бірдей. Бірақ біздің спортшылар бірінші ауысымда бақ сынайды. Қытайлық Тайпей мен Өзбекстан кешкі ауысымда. Бұл да әсерін тигізеді. Десе де, кешегі жаттығу кезінде команда жақсы көрінді", - деді Ким.

Еске салайық, Қазақстан сапынан Милад Карими (көпсайыс) мен Нариман Курбанов (гимнастикалық ат) Олимпиадаға квота иеленген. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или