«Астананың» экс-футболшысы Еуропа чемпионатына қатысады
«Астананың» бұрынғы футболшысы Ласло Кляйнхайслер 2024 жылғы Еуропа чемпионатына қатысатын Венгрия құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кляйнхайслер қазір хорватиялық «Хайдук» командасында ойнайды. Бұған дейін ол «Астана» сапында ойнап, Қазақстанның екі дүркін чемпионы және Қазақстан Суперкубогының иегері атанған.
Венгрия құрамасы А тобында Германия, Шотландия және Швейцария құрамаларымен ойнайды. Турнир басталар алдында олар Ирландия (4 маусым) және Израиль (8 маусым) құрамаларымен де жолдастық кездесу өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или