Еуропада өнер көрсеткен қазақстандық файтер октагонға оралады
Алматыда өтетін OCTAGON 58 турнирінің басты кардындағы кезекті жекпе-жек жарияланды, деп жазады Prosports.kz.
17 мамырдағы кеш аясында Нұржан «Бизон» Ақышев (15-4-1) пен әзербайжандық Сабухи Гулиев (11-7-1) кездеседі.
2023 жылы жазда Ақышев еуропалық Fight Exclusive Night лигасында титулды жекпе-жегін өткізіп, польшалық Каспер Формеладан (18-4) жеңіліп қалған. Осыдан кейін «Бисон» OCTAGON 52 турнирінде өнер көрсетті, онда бразилиялық Веллисон Пайваға (9-3-2) есе жіберді.
Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы Қазақстан чемпионы Карим Рузбакиев (9-2) жерлесі Константин Меркуловқа қарсы (5-3) чемпиондық атағын қорғайды.
Алдағы турнирге билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі