Дін-Мұхаммед Қошқар Олимпиадаға іріктеуден өте алмады

Дін-Мұхаммед Қошқар Олимпиадаға іріктеуден өте алмады

Стамбулда (Түркия) өтіп жатқан күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу сынында грек-рим күресінің өкілдері жолдамасыз қалды, деп жазады Olympic.kz.

Юрий Мельниченко шәкірттері екі салмақта квота алмағандықтан, Стамбулға Юсуф Мациев (97 келі) пен Дін-Мұхаммед Қошқарды апарған болатын. 

Мациев бірінші кездесуде ұтылса, Қошқар турнирдің қола жүлдегері атанды. Алайда, қазақстандық балуан Олимпиада жолдамасы үшін өткен белдесуде египеттік Мұхаммед Ибрахим Эльсаидтен жеңілді.

Осылайша, грек-рим күресінің шеберлері Париж Олимпиадасына 4 салмақта қатысады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или