Роналдудың хет-тригі «Әл-Насрға» Сауд Арабиясы чемпионатында ірі есеппен жеңіске жетуге көмектесті
Сауд Арабиясы чемпионатының 30-шы туры аясындағы матчта «Әл-Наср» өз алаңында «Әл-Вахданы» 6:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Криштиану Роналду хет-трик авторы атанды. Чемпионаттағы соңғы бес матчта 39 жастағы португалдық үш рет хет-трик жасаған. Отавио, Садио Мане және Мохаммед Аль-Фатхил бір-бір голдан соқты.
«Әл-Наср» ұлттық чемпионат кестесінде екінші орында, аяқталуға төрт тур қалғанда көш бастап келе жатқан «Әл-Хилалдан» айырмашылығы 9 ұпай. Бұл ретте көшбасшының еншісінде бір матч кем.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или