«Қазақстандық Брюс Ли» мен «Камиль Карате» реванш өткізеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЕуразиялық жекпе-жек лигасы қазақстандық Нұрғиса Ғалымжанов (3-3) пен «Камиль карате» деген атпен танымал тәжікстандық Камариддин Хасановтың (3-2) бетпе-бет кездескен сәтінен видео жариялады, деп жазады Prosports.kz
Айта кетейік, 17 мамырда Алматыда OCTAGON 58 кеші аясында қос қарсылас веванш-кездесу өткізеді. 2022 жылы тамыздағы OCTAGON 34 турнирінде өткен бірінші жекпе-жекте Ғалымжанов жеңіске жеткен.
Кештің басты кездесуінде жартылай ауыр салмақтағы чемпион Кәрім Рузбакиев (9-2) Константин Меркуловпен (5-3) кездеседі.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі